Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЕЛДІҢ МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНДА ІЛЕСПЕ ГАЗДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ – ҚАЗАҚСТАН ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Біздің мемлекетімізде қажетті табиғи ресурстар бар, оны сауатты, ең бастысы, орынды пайдалануымыз керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында халыққа Жолдауында тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдету міндетін қойған болатын. Осындай газ өңдеу зауытының құрылысы Атырау облысының Мақат ауданында жүріп жатыр. Бүгін мен өңірдегі жұмысымның аясында оның құрылыс барысымен таныстым. Қашағанда өндірілетін газды өңдеуге арналған, қуаттылығы жылына 1 млрд. текше метрді құрайтын зауыт 2026 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның құны 391 млрд теңгені құрайды. Зауыттың іске қосылуы жылына шамамен 727 миллион м3 тауарлық газ, жылына 115,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы, жылына 218,5 мың тонна түйіршіктелген күкірт өндіруге мүмкіндік береді. Зауыт Қашағандағы мұнай өндіруді де арттырады, ол тәулігіне 25 мың баррельге артады деп болжануда.

Экономикалық өсу тауарлық газды тұтынудың артуына да әсер етеді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы сұраныс 27,7 млрд текше метр, 2030 жылы - 35 млрд текше метрді құрайды.

Сонымен қатар, жоба құрылыс кезінде 2000-ға жуық жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Жоспар бойынша 2026 жылы зауыт іске қосылғаннан кейін 600-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Осылайша, жобаның ел экономикасы үшін жоғары стратегиялық маңызы бар және Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Құрылыс алаңын аралау барысында зауыттың ұжымымен кездесіп, бірқатар түйткілді мәселелерді талқыладық.