Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы конвенциясы ратификацияланды.

Бүгін Мәжілістің биылғы бірінші жалпы отырысында Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы конвенциясы ратификацияланды.

Құжатқа сәйкес, су ағыны мемлекеттері оны өз аумағында пайдалану кезінде басқа су ағыны мемлекеттеріне елеулі залал келтірмеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды. Сондай-ақ, халықаралық су ағысының жай-күйі үшін жоспарланған шаралардың ықтимал салдары туралы бір-бірімен кеңесу және келіссөздер жүргізу қарастырылған. Қазіргі су тапшылығы және Қазақстанның сумен қамтамасыз етуінің көрші мемлекеттерге тәуелділігі жағдайында Конвенцияның маңызы зор.

Заң жобасын талқылау барысында мен Су ресурстары және ирригация министрінен ведомствоның алдағы жұмысының жоспары туралы сұрадым. Ең алдымен, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құруға қатысты Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің бірін орындау туралы. Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде осындай жүйені енгізу жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Министрдің түсіндіруінше, gidrogov.kz ақпараттық жүйесі қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ компаниясымен бірлесіп дайындалуда. Пилоттық режимде жүйе оңтүстік өңірлердің бірінде сынақтан өтуде. Өндірістік мақсатта жүйені ағымдағы жылдың III-IV тоқсанында іске қосу жоспарлануда. Министрдің айтуынша, бұл жалпы Қазақстандағы судың көлемі, трансшекаралық өзендерден қандай көлемде су алатынымыз, сондай-ақ, әрбір тұтынушы қанша пайдаланатынын білуге мүмкіндік береді.

Заңнамалық шаралар да, жүйені еңгізуде да елдегі сумен қамтамасыз ету және суды үнемдеу жағдайын жақсартады деп ойлаймын, әсіресе, Мәжіліс жаңа Су кодексіне қатысты ауқымды жұмысты бастап жатқан кезде. Ең бастысы, біз де осы су сияқты өмірлік маңызды ресурсқа қамқорлықпен қарауымыз керек.