Тұрғанов
Дүйсенбай
Нұрбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азия парламентарияларының кездесуі: заңнамалық тәжірибемен алмасу

Камбоджа астанасы Пномпень қаласында Азия парламенттерінің су ресурстары жөніндегі консультативтік кеңесінің (AAWC) 5-ші отырысы өтті.

ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Ерлан Барлыбаевпен бірге «Су арқылы климатқа төзімділік жөніндегі Азиялық іс-қимыл бағдарламасы» атты форумға қатыстық.

Тақырып барлық елдерге өте өзекті, соның ішінде, Қазақстан үшін де маңызы зор.

Жақында өткен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы суды ұтымды пайдалану және экономиканың барлық салаларындағы ысырапты азайту мәселесіне жүйелі көзқарас қажеттігін атап өтті.

Су қауіпсіздігі тәуекелдерінің өсіп келе жатқан деңгейі үкіметтерден де, парламенттерден де тиімді шешімдерді талап етеді.

Азия парламенттерінің су ресурстары жөніндегі Консультативтік кеңесінің 5-ші отырысы аясында азиялық әріптестеріммен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.

Солардың бірі – Консультативтік кеңестің төрағасы, Оңтүстік Кореядан келген Бэн Чже-ил мырзамен өтті.

Форумның маңыздылығын атап өтілді. Біз парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келістік. Бұл заң шығару тәжірибесімен алмасуға ғана емес, сонымен қатар, бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, ауыз су тапшылығы, ауыл шаруашылығына қажетті ресурстарды және де тағыда басқа мәселелерді шешу үшін тиімдірек шараларды әзірлеуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

Бұл беделді форумның қорытынды құжаты - Пномпень мәлімдемесі болды. Оны форумға қатысқан барлық қатысушылар қабылдап, қол қойды.

Азиялық әріптестерімізбен көп бағыттар бойынша келісімге жеттік. Олардың ішінде - таза ауыз суға қолжетімділікті кеңейту үшін бірлескен диалог пен іс-қимылды жандандыру, су тапшылығымен күресте ынтымақтастықты нығайту, су секторында климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жұмсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеу, трансшекаралық су ресурстары бойынша суды бейбіт мақсатта пайдалану рухында ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар, біз заң шығару тәжірибемен алмасу және бірлескен бағдарламаларды әзірлеу үшін парламентаралық диалогты күшейтуді келістік. Енді Дүниежүзілік су форумы және келесі, 6-шы AAWC отырысы 2024 жылдың мамыр айында Индонезияда өтетін болады.