Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
Каспий су тұщыту зауытында

Image title

Өткенде Атамекен аулында тұрғындармен кездескенде су тапшылығының өзекті екенін қайта-қайта айтылды. Тіпті кейбір азаматшалар зауыттың модернизациядан өтіп жатқанына күмәнданатынын айтты. Өйткені осы зауыттың қуатын арттырамыз деген әңгіме көптен бері айтылып келе жатыр.

Осы әңгімені көтерген Атамекен ауылы тұрғыны Злата Козыреваны алып, зауытқа бардым. Өз көзімен жасалып жатырған жұмыстарды көрсін, өз құлағымен зауыт басшысы Нұрлыбай Акқұловтан қажетті ақпаратты алсын деп.

Злата замандасымызға зауыт басшылары өндіріліп жатқан су көлемі туралы ақпаратты беріп, жүріп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарымен таныстырды. 2004 жылы зауыт құрылысы басталғанда Злата басында жұмыс жасаған екен.

Бәріне әбден көзі жеткесін З.Козырева маған: "Вы, нас теперь не бросайте, будьте с нами до окончание завода" - деп қоштасты. Мен де уәдемді бердім.

Бүгінгі таңда зауыт тәулігіне 25 мыңдай куб тұшытылған су өндіріп отыр. Модернизация біткесін тәулігіне 40 мың куб ауыз су өндіріледі. Қазіргі таңда зауытқа қажет қаржы толықтай бөлінген, тек жабдықтарын алу мәселесі бар. "Бұйырса келесі жылдың бірінші жартысында зауыт толық іске қосылады" - деді Нұрлыбай Аққұлов.

#AMANATImage title