Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
Маңғыстауға сапар. Түпқараған ауданы

Өңірге сапарым бүгін — Түпқараған ауданында жалғасын тапты.

Түске дейін Сайын Шапағатов ауылы тұрғындарымен кездесіп, Парламент Мәжілісінде атқарған жұмыстарым туралы қысқаша ақпараттар беріп өттім. Өз кезегінде ауыл тұрғындары тарапынан біршама ұсыныс—сұрақтар болды.

Атап айтсақ, жұмыссыздық мәселесі, тұрмыста күнделікті пайдаланатын тоқ, көгілдір отын тарифтерінің қымбатсуы. Ауыл ақсақалдары "Қошқар ата қалдықтар қоймасы" жұмыстарының қашан аяқталатыны жөнінде сұрады. Биылға 3 млрд теңге қаржы бөлінген, келесі жылға қаржы қарастырылып жатыр және ЖСҚ-ға өзгертулер енгізіліп мемлекеттік сараптамада. Жергілікті басқарма рекультивацияны уақытында аяқтаймыз деп уәде беріп отыр.

Ауылда белсенді топ ұйымшылдықпен қызмет жасайды екен. Оның өкілі Сүгірбаев Мұңал, ауыл әкімімен, аудандық мәслихат депутатымен бірлесіп ауылдың белсенді тұрғындары қажетті мәселелермен айналысып жүргендерін жеткізе келе, теңіз жағалауын абаттандыруға көңіл бөлгілері келетіндігін айтты.

Алайда, жағалаулар уақытында жеке кәсіпкерлерге беріліп кеткен екен. Сол жерлерді қайтарып алу жолдарын сұрады. Мен өз тарапымнан игерілмеген жер болса, оны заң арқылы мемлекет меншігіне қайтаруға болатынын айттым. Көпшілік кездесуден шыққан соң, тұрғындарды жеке қабылдап, көкейде жүрген сұрақтарына заңдылығына қарай жауаптарымды бердім.

Түстен кейін Форт—Шевченко қаласында аудан тұрғындарын жеке қабылдау шарасын өткізіп, онда да аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап бердім. Жеке қабылдауда ауданның белсенділер тобы Форт-Шевченко атауын өзгертуге байланысты ұсыныстарын берді.

Бұдан бірлігі жарасқан, қарт Каспийдің етегіндегі 1000 ға жуық тұрғыны бар Қызылөзен ауылында болып, кездесу өткіздім. Мұнда да Мәжіліс жұмыстар туралы азды—көпті мағлұматтар беріп өттім. Ауыл ақсақалдары атқарып жатырған шараларымызбен таныс екендіктерін жеткізіп, ауыл шаруашылығына, су және жол мәселелеріне қатысты өздерінің ұсыныстарын айтты. Кездесу соңында бір-бірімізге сәттілік тілеп тарқастық.

#AMANAT

Image title

Image title

Image title