Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
Ақтау қаласының мәселелері.

Image title

Жұма күні Ақтау қаласының әкімдігінде болып өңірдің бас қаласының мәселелерін талқыладық.

Қаланың үш үлкен проблемасы бар.

1. Облыс орталығына энергия және су ресурстарының қуаты жетіспейді.

"МАЭК-КАЗАТОМПРОМ" ЖШС жылу, су қуаттарын қамтамасыз ете алмауда.

Тәулігіне кемі 20 мың куб ауыз су, 250 Гккал/сағ жылу керек.

2. Жаңа құрылыс салатын территорияларға инфрақұрылым салу. Қазірдің өзінде бірнеше жаңа шағын аудандар коммуникацияны алдын-ала салуды қажет етеді.

3. Ақтау қаласын дамыту үшін қажет мемлекет меншігінде жер қалмаған. Бұрын "КЦР" ЖШС-нен мемлекетке қайтарылған 1200 га аса жер учаскесі қайтадан жеке қолға өтіп, олар оны бөліп-бөліп жеке тұлғаларға сатуда. "Бұл ертең қаланың жүйесіз өсуіне алып келмей ме?" - деген сұрақ, бізді қатты мазалайды.

Әкімдік өз тарапынан тұщытылған су көлемін ұлғайту үшін бір жобаны бастаған (ЖСҚ әлі бітпеген), жылу қазандығына қажет газ құбырын салу жоспарланып жатыр екен.

Инфрақұрылымды дамыту ресурс көздерінің қуатына байланысты және бюджет қаржысын қажет етеді.

Ал, қаланы Ақшұқырға қарай дамыту жер мәселесіне келіп тіреледі.

Ойласатын сұрақ көп, біз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз.

#AMANAT