Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
"Балық шаруашылығын дамыту туралы" Үкімет сағатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкіліне сұрағым

Бүгінгі күні балық аулау кемелерінің Каспий теңізіне шығуына рұқсаттама құжаттарын ресімдеу мен беру ісінде шамадан тыс қағазбастылыққа жол берілген.

Мәселен, теңізге шығуға рұқсат алу үшін 22 жұмыс күні қажет:

- теңізге шығуға рұқсат алуға ұсынымхат 10 жұмыс күні келісіледі;

- келісілгеннен кейін құжаттардың толық топтамасы 12 жұмыс күні қаралады.

2019 жылы Президент 80%-ға дейін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Айтыңызшы, сіздің ведомство құжаттарды қарау мерзімін қысқарту мәселесін қарастырды ма?

Екінші сұрағым, сіздер көрсететін қызметті автоматтандыру жоспарда бар ма?