Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
"Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының шақыруымен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қызметкерлері Мәжіліске келді.

Image title

Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы аясында «Самұрық-Қазынаға» қоғамдық бақылау енгізу тетіктері мен қоғамдық мониторинг өткізу тәртібін талқылау жөнінде отырыс өтті.

Басқарма Төрағасы Алмасадам Сатқалиев Қор қызметі туралы баяндама жасап, Қор құрамындағы компания басшылары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының жұмысы, қазақ тілін дамытуға арналған жобалар, әлеуметтік осал отбасыларды қолдау, инклюзивті білімді дамытуға арналған жобалар бойынша депутаттарға есеп берді.

Жиын қорытындысы бойынша топ мүшелері – А. Құспан, Г. Бижанова, Е. Абақанов, Н. Дементьева, С. Нақпаев, Н. Ожаев, Ж. Сүлейменова, М. Тәжмағамбетова, А. Хамедов, Ф. Сатыбаев нақты ұсыныстарын жеткізді.

Депутаттық топ халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесіп жұмыс жасауға келісті.