Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
Мәжіліс Төрағасы Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барды

Сапар барысында Ерлан Қошанов Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашрафпен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мәжіліс спикері әріптесін Пәкістан Тәуелсіздігінің және Парламентінің 75 жылдығымен құттықтады. Бауырлас елге бақ-береке тілеп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.

– Биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыттың ішінде Қазақстан мен Пәкістан жан-жақты ынтымақтастық орнатып, біраз табысқа қол жеткізді,– деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашраф парламенттік дипломатияның маңыздылығына тоқталды.

– Парламентаралық ықпалдастық жалғаса береді. Біздің әлеуетіміз зор. Энергетика, қауіпсіздік, азық-түлік, әскери саладағы әріптестікті дамыта аламыз. Сонымен бірге бауырлас халықтарымыздың достығын нығайту маңызды. Біздің мақсатымыз – Орталық Азия елдерімен байланысты күшейту, – деді П.Ашраф.

Қазіргі уақытта екі ел парламенттерінің байланысы жан-жақты дамып келе жатыр. «Қазақстан-Пәкістан» достық тобы табысты қызмет етуде. Бүгін екі ел депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған осы топтың алғашқы отырысына қатысты. Басқосуда достық топтар мен комитеттерзаңнама саласында тәжірибе алмасу жөнінде келісті.