Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р.В. СКЛЯРҒА


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің орынбасары

Р.В. Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

2021 жылдың 26 қаңтарында Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің Кеңейтілген отырысында тағы бір өзекті мәселе – экология саласы деген болатын.

Бұл – халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала. Бірақ, біздегі ахуал ойдағыдай деп айтуға болмайды. Сауалнама кезінде азаматтарымыздың 48 пайызы ғана экологиялық жағдайға көңіліміз толады деп жауап берген – деп көрсетті Президент.

Бүгінгі таңда республика бойынша атмосфералық ауаның сапасы өзекті экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. Мысалы, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды, Алматы, Балқаш, Нұр-сұлтан, Өскемен, Атырау, Шымкент және Ақтөбе қалаларында ластанудың жоғары деңгейі бар. Ластану өнеркәсіп өндірістерінің, жеке сектор мен автокөлік шығарындыларымен негізделген. Атап айтқанда, ірі қалаларда автокөлік шығарындылары атмосфералық ауаның ластануына айтарлықтай үлес қосады.

Автокөлік шығарындылары әртүрлі факторларға байланысты, мысалы:

- жанар-жағармай сапасы;

- автокөлікті пайдалану мерзімі;

- көше-жол желісінде жол қозғалысын ұйымдастыру;

- техникалық байқаудан өту сапасы мен тұрақтылығы.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында деректер бойынша 2019 жылы атмосфераға 108 мың тонна ластаушы заттар келіп түсті. Жылу көздерінің үлесіне 33,5% (ЖЭО-1 және 2) (59 мың тонна), жеке секторға 29% (23 мың тонна) және автокөлікке 32,5% (26 мың тонна) тиесілі.

Сондай-ақ, Алматы қаласында атмосфераға 144 мың тонна ластаушы заттар түсті. Жылу көздерінің үлесіне 34% (ЖЭО-2 және 3) (49,5 мың тонна), жеке секторға 14% (20 мың тонна) және автокөлікке 52% (74 мың тонна) тиесілі.

Әсіресе, еліміздің қоғамдық автокөліктерінің жағдайы ушығып тұр.

Бүгінгі таңда еліміздегі қалаішілік автобус маршруттарын 311 тасымалдаушы мекеме атқарып отыр. Оларда барлығы 11 000-дай автобустар бар. Олардың 50% ескірген автокөліктер. Қоғамдық көліктердің бұлайша тозуы  - тасымалдаушы мекемелердің өз күштерімен сатып алу мүмкіншіліктерінің болмауы және жергілікті атқарушы органдардың барлығы бірдей субсидия бере алмауынан болып отыр.

Сол себепті біздің жолдарымызда шығарынды көлемі экологиялық стандарттарға сай келмейтін автобустар жүріп жатыр. Кейбір эксперттер қоғамдық көліктерде ғазға айналдыруды ұсынады.

Қолда бар мәліметтер бойынша соңғы үш жылда «БРК-Лизинг» АҚ арқылы 1283 бірлік, тасымалдаушылардың өз күштерімен 1679 бірлік жаңа автобустар алған. Бірақ ол өте жеткіліксіз.

Бүгінде атмосфералық ауаның сапасы өзекті мәселеге айналып, Ел Президентінің бақылауында тұруы және «Нұр-Отан» партиясының сайлауалды Бағдарламасын орындау жол картасында «аймақтарда ауа бассейндерін жақсарту бойынша жол картасын жасақтау» деген нақты пункттің болуына орай Сізге қоятын сұрағым – Еліміздің автобус паркін модернизациялау бойынша нақты жоспар бар ма?

Депутаттық сауалға заңнамада көзделген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

«Nur Otan» партиясы

фракциясының мүшелері                                    С. Нақпаев

 

                                                                                   Е. Жаңбыршин