АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫ ҰЛЫ ІСТЕР КҮТЕДІ

ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫ ҰЛЫ ІСТЕР КҮТЕДІ

Бүгін жұмыс тәртібінің тығыздығына қарамастан Астана қаласы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» атты акция аясында «Үміт» дағдарыс орталығына бардым.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері және Астана қаласы бойынша өңірлік комиссияның кураторлары ретінде Снежанна Имашевамен бірлесіп елордалық әріптестермен өзекті тақырыптарды кеңінен талқыладық.

Бұл жерді өз отбасында зорлық-зомбылық көрген біраз қыз-келіншек уақытша паналап жүр. Дәлірек айтсақ, елу орынға арналған орталықта 2 орын ғана бос тұр. Мүмкіндігімше, әрқайсысымен жеке сөйлесуге, олардың мұң-зарын, проблемаларын, жан-дүниесін түсінуге тырыстым.

Қоғамдағы әйелдер мәселесі әрқашан маңызды. Сондықтан отбасылық мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жүйелі алдын алу бойынша қоғамдық ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсету - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қызметіндегі басым бағыттар. Сондай-ақ ұлттық комиссия әр аймаққа таратылған өңірлік желісі бар. Өзара ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, ұлттық комиссия консультативтiк-кеңесшi орган болса, өңірлік комиссиялар жергілікті билікке қарасты, қала әкімшілігінің жетекшілігінде. Сондықтан аймақ басшылары облыс әкімдері өңірлік комиссия жұмысына етене араласып, сол арқылы қоғамдағы әйелдерді алаңдататын мәселелерді бағамдай алады. Ұлттық комиссияның әуелгі мақсаты да, ұстанымы да сол. Өңірлік комиссия мүшелері - қоғам белсенділері. Олар азаматтық көзқарасы бар, қоғам жанашырлары, отбасы мен әйелдің жанайқайы немқұрайлылық танытпайтын, өз уақыты мен күшін сарп ететін тұлғалар. Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдасып, жандануына хатшылық тікелей әсер етеді, бағыт беріп "шабыттандырады". Ал облыстың бірінші басшылары мен жергілікті мәслихат өкілдерінің жіті көңіл аударуы маңызды рөл атқарады.

Р.s. Дағдарыс орталығының атауы "Үміт"! Әр әйелде бір үміт бар, соңғы қадамы осы болса да, оның үміті үзілмек емес. Сондықтан сол сенімін жоғалуына жол бермейік!

Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике Aida Balayeva Ләззат Сүлеймен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Снежанна Имашева Анна Рыль Ботагоз Султанова Назгуль Макжан Karlygash Sarkenova Сания Ирсалиева Klara Omirzakova Ырза Турсынзада Naila Mukhtarova Bayan Toikebaeva