АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Менің сұрағым баяндамашы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне жолданады.

Менің сұрағым баяндамашы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне жолданады.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер қоғамның, оның ішінде әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылардың белгілі бір көзқарастар мен ұстанымдарын қалыптастырып орнықтыратынын мойындауымыз керек.

Әсіресе, бұл ретте желілер арқылы таралатын ақпарат пен мәлімет кәмелетке толмағандар үшін бұлтартпас шындықпен пара-пар саналады.

          Осы қалыптасқан үрдісті әртүрлі веб-ресурстар мен парақшалардың администраторлары өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін оңай пайдалануда. Соның бірі - жастарды жұмысқа орналастырамыз, қосымша табыс көзін табуға көмектесеміз деген уәде беріп, оларды наркокурьер, яғни, есірткі тасымалдаушы немесе закладчик, яғни, есірткі жеткізуші ретінде оңай пайдаланады.

          Ал, нәтижесінде, зардап шегіп, заң алдында жауап беретін де сол қатардағы «жұмысшылар».

 Мысалы, 2020 жылы ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотталған (14-тен 17 жасқа дейінгі) кәмелетке толмағандардың саны 5 адам, ал жастар (18-ден 29 жасқа дейін) - 192 адам болса, ағымдағы жылдың тек тоғыз айында аталған көрсеткіш саны екі есеге артып отыр. Кәмелет жасқа толмаған 11 бала және 29 жасқа дейінгі 281 адам аталған бап бойынша сотталған.

          Осыған орай менің екі сұрағым бар: