АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӘЙЕЛДЕРІ АСТАНАДА ДИАЛОГ ҚҰРДЫ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӘЙЕЛДЕРІ АСТАНАДА ДИАЛОГ ҚҰРДЫ

Орта Азия елдерінің әйелдері бірігіп, қоғамдағы өткір мәселелерге үн қосқан ортақ бірінші алаңы. Халықаралық жиынға Қазақстан және Өзбекстан парламенттерінің спикерлері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Екі жарым жыл бұрын бастама көтерілген бұл шараға Қазақстан биыл төрағалық етіп отыр. Бұған дейін Өзбекстан, Түркіменстан елдері жетекшілік еткен. Бүгін еліміз 2023 жылды қорытындылап, сөз алған Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов атқарылған маңызды істерге тоқталды. Адам құқықтары, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік сияқты халықаралық конвенцияларды ратификациялағанын айтып, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершіліктің күшейгенін, заңнамалық түзетулер енгізілетінін атап өтті. Көрші Өзбекстан мемлекеті отбасылық зорлыққа қарсы заңды қатаңдатып, оған қылмыстық жаза тағайындалғаны белгілі. Мәжіліс спикері осы тұрғыдан Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрайымы Танзила Нарбаевадан тәжірибені бөлісуді сұрады. Сондай-ақ "харассмент", "сталкинг" ұғымдарын да енгізу қажеттілігі айтылды. Депутаттар арасында бұл мәселе жиі көтеріліп жүр. Депутаттық сауалдар да қойылды. Бұл мәселеде де қылмыстық жауапкершілік ретінде қарастырылып, Қазақстандық заңнамаға енгізілетін болады.

Әйелдер диалогында тек әйелдер емес, ер-азаматтар қатары да көп болды. Бұл дегеніміз қоғамдық мәселеге ердің немесе әйелдікі деген жекелеген көзқараста емес, ортақ істі ортақ шешу. Сондықтан бұл алаңда ашық талқыланған тақырыптар өз шешімін табуы тиіс. Орта Азия әйелдеріне ұяңдық, сабыр мен төзім тән. Олардың табиғатында мойынсұну бар, көну бар, көпке жабық, өз пікірін ашық айтпайтын қасиет бар, таңдауға келгенде тәуекел етпейтін батылдық та жетіспейді. Бірақ осы үшін оларды басып, жаншуға, қорлауға болмайды. Оларды қорғайтын заң керек! Бүгін мінберде осы көп айтылды, жан-жақты талқыланды. Осы кезде шалғайдағы аймақ пен ауылдағы жаңағы айтқан нәзік те әлсіз әйелдің дауысына үн қатқандай болдық.