АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Харрасмент туралы

Депутаттық сауалым Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Тамара Дүйсеноваға жолданады


 Осы қорқынышты жаңалықтар ізімен харассмент оқиғалары да тез тарады. Жақында Астана медицина университетінде профессор-оқытушының студентке жасаған жыныстық қысым фактісі анықталды.  Осыдан кейін әлімжеттік көрген студенттер өз оқиғаларын әлеуметтік желіде бөлісе бастады. Жеке өзіме еліміздің әртүрлі оқу орындарының студенттерінен 100-ден аса хат келіп түсті.

Президент өз сөзінде «Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек» деді.  Осы орайда, харассментке ұшырау ықтималдығы өте жоғары бір топ бар, ол – студенттер.

Жыныстық қысымға ұшыраған елордалық бойжеткеннің ісімен танысып, бұл салада кемшіліктердің көптігіне анық көзіміз жетіп отыр. Дәл бүгін еліміздің оқу орындарында қанша харассмент оқиғасы орын алғанын дөп басып айту қиын. Себебі статистика жүргізілмейді. Ал заңда харассмент ұғымы атымен жоқ.

Жалпы зорлық-зомбылықтың қай түрін болсын, харассментті де қатаң қарап, заң жобасына бірқатар өзгертулер енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Бұл жолы студент қызымыз батыл болып шықты. Еш қорықпастан болған жағдайды жайып салды. Тиісті шешім қабылданып, әлгі харассер жұмыстан шығарылды. Бірақ, біз – мұндай мәселені әрқашан студенттің – батылдығына, басшының – әділдігіне сеніп қоя алмаймыз. Мысалы дамыған елдерде «Харассменттің» жазасы ауыр. Жүйелі, кешенді шешімдер керек.

Кеше ғана мектеп бітіріп, ауылынан шығып көрмеген ақүрпек балапандай жап-жас қыздарды қорғауымыз керек. Ибалы, кей-кезі тым ұялшақ, мүмкін, жасқаншақ қазақ қызы – өз басынан өткен осындай жағдайды айта бермейді.

 Құрметті Тамара Босымбекқызы!

Осыған байланысты келісіні ұсынамыз:

Бас прокуратураның деректері бойынша 2023 жылдың 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 85 әйел қаза тапқан. Қорқынышты статистика. Харасмент те зорлық-зомбылықтың бір түрі.

Мемлекет басшысы өз жолдауында «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруды тапсырды. Сондықтан қоғамда орын алып жатқан істерге біріміз бірдей әсер етуіміз қажет. Көршінің үйіндегі дау-дамайға, әйелдің, студент қыздардың көмек сұраған жанайқайына бей-жай қарасақ, әріптес келіншектің бет-әлпетіндегі көгерген іздерге жанашырлық танытпасақ, заңды күшейту проблеманы шешпейді. Айтылған ойымды қорытындылай келе, келер жылды зорлық зомбылыққа қарсы күрес жылы деп жариялауды ұсынамыз!!!

Құрметпен, «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары:

Қ.Абден
Е.Саурықов

А.Баққожаев

Н.Арсютин

Т.Серіков

А.Зейнуллин