Адамбеков
Тилектес
Серикбайулы

Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
По демонополизации рынка услуг сотовой связи

                                                                                        Қазақстан Республикасының

                                                                                        Премьер-Министрі

                                                                                        Ә.А. Смаиловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам атты Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы одан әрі монополиясыздандыру үшін институционалдық шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы өкімімен экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі Комиссия құрылды. Бұл комиссияның міндеті телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салаларда монополиясыздандыру мәселесі бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Бүгінгі таңда жоғары технологиялар адам өмірінің барлық салаларына еніп кетті және қазір цифрлық технологиясыз өмірді елестету қиын.

Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз мемлекеттік басқаруды цифрландыру және азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласында орасан зор қадамдар жасады. Осы шаралардың барлығы қазақстандықтардың өмірін жайлы еткені сөзсіз.

Алайда, цифрлық теңсіздікті жоймай және Интернетке барынша қол жеткізуді және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз етпей, цифрлық технологиялардың жетістіктерін пайдалану мүмкін емес.

Алайда ұялы байланыс қызметтері нарығын монополиясыздандыру мәселелері бүгінгі күні өз шешімін таппады. Қазақстандағы ұялы байланыс сапасы әлі де нашар. Бүгінгі таңда ұялы байланыс нарығы жоғары шоғырланған болып табылады, онда тек 2 нарық субъектісі-Кселл/Altel/Tele2 сауда белгілерімен «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы және «Beeline» сауда белгісімен «Кар-Тел» ЖШС бар. «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы үстем жағдайға ие.

Радиожиілік спектрінің ұлттық ресурсының шектелуіне байланысты нарықта жаңа ұялы байланыс операторының пайда болуы күтілмейді, бұл нарықтағы бәсекелестіктің дамуын тежейді, сондықтан ұялы байланыс нарығын монополиясыздандырусыз бұл мәселені шешу мүмкін емес.

Мұндай үстемдік компанияларға жұмыстарды таңдаулы түрде қабылдауға, «соңғы мильді» елемеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көпжылдық монополия шағын операторлардың дамуына жол бермеді.

Біздің фракция жүйелі негізде осы монополияны қалыптастыру үшін жасанды түрде құрылған заңнамалық кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл мақсат «AMANAT» партиясының бағдарламасында қойылған. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз.

Сол себепті жоғарыда айтылғандарды ескере отырып:

-республика бойынша ұялы байланыс қызметтері нарығына талдау жүргізуді;

- шағын байланыс операторлар компаниялары мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі нақты іс шараларды пысықтауды;

-жергілікті атқарушы органдардың шағын операторлармен және байланыс инфрақұрылымын құрудағы жұмысын күшейтуді сұраймын.

Депутаттық сауалды қарап, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаты, «AMANAT»

партиясы фракциясының мүшесі:                                                                                                                                                                                                                                                       Т.Адамбеков