Дайрабаев
Жигули
Молдакалыкович

Член Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Тематическое заседание Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан на тему «О проблемных вопросах функционирования Единой государственной информационной системе субсидирования (ЕГИСС)»

Бүгін Мәжілістің  Аграрлық мәселелер комитетінің тақырыптық отырысы өтті. Комитет төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен жиында субсидиялаудың жаңа жүйесі және біріңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе жұмысындағы проблемалық мәселелер талқыланды. Серік Егізбаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын субсидиялауда мемлекеттік қызметтердің электрондық жұмысында көптеген техникалық қиындықтар туындауда. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов субсидиялау жүйесіндегі кемшіліктер мен олардың шешілу жолдары туралы айтты. Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров сайлаушылар үшін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қатысты мәселе өте өзекті болып отырғанына тоқталды. «Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі кезде Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 6,1 млрд теңгеге 1,5 мың өтінім, ал 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 57,5 млрд теңге сомасына өтінім мақұлданған. Осылайша, 2023 жылы өткен жылдың көлемінен небәрі 10 %-дан аса сома ғана төленгенін көріп отырмыз. Бұл дегеніміз фермерлердің 90%-ы gosagro.kz жүйесінің жұмысына байланысты тиісті төлемдерді ала ала алмаса, 51,4 млрд теңге ел экономикасын толықтырған жоқ» – деді депутат. Сонымен қатар Айдарбек Қожаназаров бұл қаражатқа мұқтаж адамдар, бизнес көздері, жұмыс орындары бар екенін айтып,  40 мыңнан астам ауыл шаруашылығын өндіруші болжамды түрде 256 млрд теңге көлеміндегі тиісті төлемін ала алмай қалатынын жеткізді. Депутаттың пікірінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің нарыққа жетілмеген жүйені іске қосу бойынша жауапсыз шешімі салдарынан ел ауқымында 40 мыңнан астам шаруа зардап шекпек. Отырыс барысында депутаттар, Ауыл шарушылығы министрлігінің басшылары мен салалық қауымдастықтардың өкілдері ақпараттық субсидиялау жүйесі толық пысықталмағанын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тарапынан көптеген шағымдар туғызып отырғанын айтып, мәселені жан-жақты талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан айтылған ұсынымдардың негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа жүйенің жұмысындағы кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, олардың нақты орындалу мерзімдерін белгілеп, Комитеттің атына жолдайтын болады.