ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Встреча с жителями Мартукского района с.Яйсан

 

2016 жылғы20 шілде күні Қазақстан республикасы Мәжілісінің депутаты, "АҚ ЖОЛ" партиясының мүшесі Дәния Мәдиқызы Еспаева, "АҚ ЖОЛ" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыстық Мәслихат депутаты Асқар Аманбайұлы Садықов бастаған делегация Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, "Яйсан" ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында сайлаушылар, аудан тұрғындарының басты мәселесі ол-аудан орталығымен арадағы қатынайтын жолдың жағдайы мен мектеп, газ тб. мәселелердің бар екенін айтты. Кездесу барысында, аудандық Яйсан көп салалы колледжінде болып, жағдайымен танысты. Колледж, бүгінгі күнгі заманауи жабдықтар мен құралдармен жабдықталған, керекті мамандармен толықтырылған, Сонымен қоса, екінші деңгейдегі банк бөлімдері жетіспейтінін, жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтты. Кездесу барысында депутат Мәжілісте, заң шығару барысы туралы, бүгінгі күні үлкен қоғамдық пікір туғызып отырған жер мәселесі туралы "АҚ ЖОЛ" партиясының ұстанымы туралы айтып, сайлаушылардың пікірін тыңдады, өте қызықты пікірталас болды.



Қазақстан республикасы Мәжілісінің депутаты Еспаева Дания Мадиқызының Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы сайлаушыларымен кездесу хаттамасы.

Мәртөк ауданының әкімшілік қызметкерлерімен кездесу барысында, Мәжіліс депутаты Еспаева Дания Мадиқызы қысқаша Парламент жұмысы барысымен таныстырды. Негізінен жер және 12-жылдық оқу мәселелеріне тоқталып өтті.

Өз кезегінде аудан әкімі Қалауов Нұржауған Серікұлы аудандағы жасалған жұмыстарына тоқталды. Бүгінгі күні аудандық объектілерге 625 миллион қаражат керектігін әрине осыншама қаражат бөлуге бүгінгідей дағдарыс кезінде мүмкіндік шектеулі, соған қарамастан 400-миллион табылып аудан бойынша газ өткізу проектасы Яйсан, Казанка елді мекендеріне жасалуда, қәзіргі күні Саржансай, Кенсахара, Родниковка ауылдарында газ толық жүргізілген. 2007-жылдан бері аудан бойынша жер телімі берілмеген, жақында ревизия жасалып 6.600- кезектегі жер сұраушының 1100-Ақтөбе қаласының тұрғыны екендіктері белгілі болса, 200-адам әр түрлі себептермен (қайтыс болуы тб.) тізімнен аланып тасталды, биылғы жылға 470-жанұяға жер телімі орталықтан берілген, сондай-ақ 700- адам Хлебадар аулына сұраныста болса, бұл ауылда 4500-адам тұрғыны бар екеніне тоқталса оның 320-сы бала, Яйсан ауылында 3500-адам тұрғыны бар оның 250 бала, қалаға жақын күре жолдың бойында болуына байланысты. Бұл ауылдарда бала санына шаққанда мектеп жетіспейді, оған ауданда мүмкіншілік жоқ. Аудан бойынша 2-мектепке қайта жөндеуге шешім қабылданды. Аудан бойынша қашықтығы 305-шақырым жол жөндеуге 90-миллион қаражат қажеттігіне айтылдыды. Бәрін жөндеуге қаражат шектеулі.Ең бір қиын мәселе Родниковка ауылында су мәселесі,газ жүргізуге бөлінген қаржы ретсіз жұмсалуы себепті,тендер ұтқан мекеме жетекшісі де, газ құбырын жүргізетін мекеме басшылары да қылмысқа тартылып сотталған, енді оған екінші рет бөлінетін қаражат жоқ, жұмыс тоқталған, шешімі табылмауда. 4000-гектар жер телімі үкіметке қайтарылды, осындай тағы бір-екі жекелеген кәсіпкермен жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні мемериандум барысында Сбербанкпен пилоттық проект бойынша шешім қабылданып,екі қабатты 36-пәтерлік үй салу ұйғарылуда, егер 2000000-тенге қаражат есепшотқа жиналса,ол адам кезекке қойылып, үй мәселесі шешімін табады деп ойлаймын. Қәзіргі күні бір жинақбанк қызметкері, тек осы мәселе бойынша құжат рәсімдеумен айналысады. Бүгінгі күні аталған үйдің бірінші қабаты бастап салынуда. Яйсан елді мекенінде «Халық банк банкоматы» мәселесі бар, бөлімін ашу үшін міндеттемелері қиыншылық тудыруда. Д.М.Еспаева егер Яйсанда почта болса «Казмомерц» банкпен договор бар, сондықтан шешімін табуға болатынын айтты. Келесі кездесу Мәртөк ауданының Яйсан ауылының тыныс тіршілігімен танысу барысында және сол жердегі сайлаушылармен кездесуге шешім қабылданды.Кездесуді осы аталған ауылда жалғастырудың себебі, сол елде психикалық науқасжәне жетім балаларға арналған мектеп-интернат орналасуына байланысты.Осы мектеп-интернат тәрбиеленушілері 18-жасқа дейін мемлекет қарамағында болғанымен, одан кейінгі тағдырлары қаралмаған.Яйсан аулындағы келесі мәселе, темір жолдың үстінен адам өтетін көпір мәселесі, поезд 30-минут тұрады, ал адамдар поездың астымен жүруге мәжбір. Бұл мәселе бойынша көлік және коммуникация министрлігіне бірнеше хаттама жолданды, бірақ өкінішке орай,«адам санымен вогон саны белгіленген нормаға сай емес, соған байланысты жергілікті көлемде шешуге құзырлысыңдар» - дегенді айтты. Бұл сұрақтың әзірше шешімі табылмауда.