ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Встреча с жителями Каргалинского района Актюбинской области

 

2016 жылғы 21 шілде күні Қазақстан республикасы мәжілісінің депутаты, "АҚ ЖОЛ" партиясының мүшесі Дәния Мәдиқызы Еспаева, "АҚ ЖОЛ" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыстық Мәслихат депутаты Асқар Аманбайұлы Садықов бастаған делегация Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы  болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі, аудан тұрғындарының басты мәселесі ол-облыс орталығымен арадағы қатынайтын жолдың төмен жағдайы екенін айтты. Кездесу барысында, аудандық ауруханада болып, аурухананың жағдайымен танысты. Аудандық аурухана, бүгінгі күнгі заманауи жабдықтар мен құралдармен жабдықталған, керекті мамандармен толықтырылған, палаталары телевизор, тоңазытқыш тб. керекті техникалармен толық жарақтандырылған. Жүрек ауруынан басқа ауруларға ота осы аудандық ауруханада жасала береді екен. Сайлаушылар, аурухана жұмысына жоғары баға беріп, көңілдері толатынын айтты. Сонымен қоса, екінші деңгейдегі банк бөлімдері жетіспейтінін, жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтты. Кездесу әрі қарай, орта-кіші кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысуға жалғасты.