ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Встреча с активом Актюбинского филиала "Казкоммерцбанка"

  

2016 жылғы 18 шілде күні Ақтөбе қаласындағы "Казкоммерцбанк" ғимаратында, Қазақстан республикасы Мәжілісінің депутаты, "АҚ ЖОЛ" партиясының мүшесі Дания Мадиқызы Еспаеваның "Казкоммерцбанк" ұжымымын кездесуі болып өтті. Кездесуге жиналғандар депуттатты орындарынан тұрып, қол шапалақтап, қызу қарсы алды. Мұның тағы бір себебі, депутат Д.М.Еспаева бұрын осы мекемені көп жылдар басқарған болатын. Кездесуде депутат Парламенттегі жұмыс барысы, заң қабылдау процедерасы және "АҚ ЖОЛ" партиясы атынан жолданып жатқан ұсыныстар мен заң жобасына толықтырулар туралы айтып берді. Кездесуге жиналғандар, өз мамандықтары, банк ісі бойынша туындайтын қиыншылықтар мен тағы да басқа өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатты. Кездесу өте қызықты өтіп, қимай тарасты.