ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Елбасы Жолдауы — жаңғыру жолы

 

Үндеу мен Жолдау талқыланды

5 ақпан 2017 2,089 рет оқылды

Елбасы Жолдауы — жаңғыру жолы

Жұма күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский мен Дания Еспаева мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Елбасы Үндеуі мен халыққа арнаған биылғы Жолдауын талқылау мақсатында «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесті.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов Елбасының биылғы Үндеуі мен Жолдауының маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысының шешімі еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық қарқынды дамудың нақты дәлелі екенін жеткізді.

Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде біздің елімізде президенттік басқару жүйесі қалыптасты. Соның нәтижесінде еліміз әлемге танылды. Ал биыл Елбасының Үндеуінде Президент елімізде болатын саяси өзгерістер туралы айтты. Яғни алдағы уақытта Елбасы демократияның негізгі принциптеріне сүйене отырып Конституцияда белгіленген өзінің қырық өкілеттілігінің бір бөлігін Үкіметке, бір бөлігін Парламентке жүктейді. Бұл елдің демократиялық өркендеуі жолында маңызды мүмкіндік береді, — деді А.Шериязданов.

Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Елбасының Үндеуі мен Жолдауын түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топ біздің өңірімізге келіп, облыстағы кәсіпорын, ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдерімен, жоғары оқу орнының студенттерімен кездесулер өткізіп жатқандығын атап өтті.

Басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Глеб Щегельский мұнай саласының қызметкерлеріне Президенттің Үндеуі мен Жолдауында айтылған негізгі бағыттар мен мәселелерге тоқталып, алда тұрған міндеттерді мүлтіксіз орындау барша қазақстандықтың парызы екенін айтты.

— Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, ынтымағы мен ырысы артқан мемлекет ретінде танылды. Елбасымыз ендігі кезекте барша қазақстандықтың алдына осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп отыр. Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуі — соның жарқын көрінісі. Біздің алдымызда үлкен мақсат-міндеттер тұр. Оны біз жұмыла атқаруымыз керек. Осындай жауапты кезеңде барлығымыз ел мүддесі үшін Елбасының конституциялық реформасы мен кезекті Жолдауын халыққа түсіндіруге тиіспіз, — деді ол.

Бұдан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева сөз алып, Президент кезекті Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша мән бергенін, Үндеуде айтылған жаңа өзгерістер заман талабынан туған бастама екенін айтты.

— Мен «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесімін. Біздің партия екі саяси құжатты да қолдайды. Себебі мемлекеттік биліктің бір бөлігін Парламент пен Үкіметке бөліп беруді дамудың жар­қын көрінісі деп түсінеді. Мен Мемлекет басшысының Үкіметтің Пар­ламент алдында есеп беру міндеттілігін арт­тыру бастамасын қолдаймын. Бұл — атқарушы биліктің жұ­мысына халықтық бақылау жасаудың нақты механизмі. Себебі, депу­таттар — халық пен биліктің арасындағы алтын көпір, — деді ол.

Дания Еспаева жиналғандарға Елбасының қабылдаған Қазақстанның басқару жүйесіндегі өзгерістері мен экономикалық саясаттағы бастамалары бірін-бірі толықтыратынын, сондай-ақ олар халықтың жағдайының жақсарып, ел экономикасының дамуына жаңаша серпін беретінін жеткізді.

Кездесу соңында депутаттар мұнай саласы қызметкерлеріне Елбасының Үндеуі және Жолдауымен мұқият танысып, алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруда өз үлестерін қосуға шақырды.