ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Архивы Ақтөбе облысы - «Ақ жол» демократиялық партиясының» ресми сайт

  

24 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған халық қалаулысы Дәния Еспаева көпбалалы аналармен кездесті.     

Кездесуде аналар күрмеуі шешілмей тұрған бірқатар проблемаларды айтты. Олардың көпшілігі бірыңғай республикалық базада тұрғын үй алуға кезекте тұр. Ақтөбе қаласы бойынша мұндай 25 мыңнан астам азамат бар. Жыл сайын 900-ге жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, тиісінше, жаңадан келіп түскен өтінімдерді есепке алмағанда барлық өтінімдерді қанағаттандыруға 26 жылдан астам уақыт қажет.

Бұдан басқа, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша кредиттік тұрғын үй алған отбасылар отбасы құрамын кеңейту кезінде осы бағдарламаны қайта пайдалана алмайды.

Сонымен бірге, көпбалалы аналар бизнес жүргізуге гранттарды бөлуге қатысты өз наразылықтарын білдірді. Қандай да бір бизнесті өз бетінше ұйымдастыруға тырысқандарына қарамастан, барлық дерлік өтініш білдірушілерге түсініксіз себептермен грант берілмеген.

Депутат биылғы жылдың 1 мамырынан бастап отбасын кеңейту кезінде кредиттік тұрғын үй бойынша өтініш білдірушілер жалға берілетін тұрғын үйді жеңілдікпен субсидиялау бағдарламасын пайдалану мүмкіндігін түсіндірді.

Ал «Отбасы банкі» басшылығы деңгейінде кредит беру тетігін қарауға уәде берді. Гранттар бойынша әкімдік жанындағы кәсіпкерлік департаментіне халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне гранттарды 30%-ға дейін ұлғайту көлемін қарастыру да ұсынылды.