ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Мәжіліс депутаты Ақтөбе облыстық онкологиялық ауруханасына барды

 

24 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаева Ақтөбе облыстық онкологиялық ауруханасының жағдайымен танысты.

Онкологиялық аурухананың ұжымы бауыр циррозын жасушалық емдеуге арналған зертханалық және жүрек-қан тамырлары ауруларын егжей-тегжейлі диагностикалауға арналған аппараттарын көрсетті.

Бүгінгі таңда медициналық орталықтың онкологиялық жұмысының негізгі бағыты әлеуметтік оңалту мен паллиативті қолдауды қоса алғанда, онкологиялық патологиясы бар және қатерлі ісік алдындағы науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Депутат емделушілердің жағдайын сұрап, сауығып кетуін тіледі.

Аурухана ұжымы ӘМСҚ жүйесі арқылы емделгендердің барлығына толық төлем жасамау мәселесін көтерді. Мәжілісімен бұл мәселе бойынша қажетті мәліметтерді ұсынуды сұрады.