ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Мәжіліс депутаты" Samal cakes" кондитерлік цех ұжымымен кездесті.

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Мәжіліс депутаты" Samal cakes" кондитерлік цех ұжымымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні,  Депутат Дәния Еспаева " Samal cakes" кондитерлік цех ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында,  Мәжіліс депутаты кондитерлік цехтің жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарына 5 маусымда өтетін референдум жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева өңірге сапары кезінде, кондитерлік цехтің еңбек ұжымымен кездесіп, цехтің жай-күйімен танысты. Айта кететін жайт,  қазіргі таңда,  аталмыш еңбек ұжымында 120 дан аса адам жұмыс жасайды. Еңбек ұжымын басқарып отырған Самал Әділханқызы, кәсіпкер ретінде 2018 жылы тіркелген. Осындай қысқа уақыт аралығында Ақтөбе қаласының үздік кондитері деп танылды.

Жиын барысында, цех жұмысшылары қалалар мен аудандардағы мәслихаттардың сайлау мәселелеріне қатысты өзгерістердің қалай жүзеге асатындығы жөнінде сұрақтар қойды. Депутат сайлау жүйесіндегі күтілетін өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды .

Кездесу соңында, Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева ұжымның еңбегіне сәттілік тіледі.

"Ақ жол" ҚДП,

Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз ақпараты