ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Хромтау ауданының Құдықсай ауылына іссапармен келген ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері — Мәжіліс депутаты Еспаева Дания Мәдиқызы,

Хромтау ауданының Құдықсай ауылына іссапармен келген ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Симонов Сергей Анатольевич, Мәжіліс депутаты Еспаева Дания Мәдиқызы,

"Ас-АН" ЖШС Бас директорының орынбасары, "Ер Бақыт" спорттық-патриоттық клубының басшысы, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі Марат Қойлыбаев, "Ақтөбе облысының ҮЕҰ Қауымдастығы" ЗТБ президенті Айгүл Дүйсеновалар Құдықсай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында штаб мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық құндылықтар негізінде Қазақстанның саяси жүйесін трансформациялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарғанын айта келе, үміткердің сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі — халық пен биліктің шоғырландырылған ұстанымы негізінде шешімдер қабылданатын әділ мемлекет құру екенін жеткізді. Сондай-ақ жиында іске асыруға жоспарланып отырған міндеттер жеке-жеке айтылып, түсіндірілді.

Кездесуде штаб мүшелері ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа институттарының жұмысы күшейтілетінін тілге тиек етті.

– Адам құқықтарын қорғау институттарының рөлін арттыру мақсатында Конституцияға адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы дербес бап енгізіледі. Уәкіл азаматтарымыздың құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады және ол жүйеден тыс, тәуелсіз болады. Бұл құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, – деді Айгүл Дүйсенова.

Жиын соңында жергілікті халық сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

--