ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ

Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысында маңызды заң жобасын мақұлдадық.

Бұл заң жобасына тікелей депутаттар өздері бастамашы болды. Ол мемлекеттік корпорация мәселелеріне қатысты.

Мұндағы негізгі басымдықтар – осы Заң жобасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсететін және қолжетімділігі шектелген дербес деректермен жұмыс істейтін Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіру. Бұл аталған корпорация қызметкерлерінің біздің дербес деректеріміздің сақталуына, қауіпсіздігіне байланысты жауапкершілігін арттырып, олардың тарапынан теріс пайдалану мен құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермейді.

Сондай-ақ, құжат аясында «Азаматтарға арналған үкімет» ұғымы оңтайландырылады.  

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорацияға ақпараттық жүйе шеңберінде өтініштерді қабылдау құзыреті беріледі.

Бұл азаматтар үшін «Е-otinish» жүйесі арқылы әкімшілік органдарға жүгіну, жауаптар алу, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылау мүмкіндігінің қолжетімділігін заңды түрде бекіту деген сөз.

Жалпы алғанда заң жобасы азаматтардың жеке ақпаратының қорғалуын қамтамасыз етеді.