ЕСПАЕВА
Дания
Мадиевна

Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Необходимы срочные меры по защите интересов казахстанских производителей в рамках реализации программы «Нурлы жол»

 

27.04.16 ж.  жарияланды                                                  Қазақстан Республикасының

Ұлттық  экономика министрі

Е.А. Досаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!

Жалғасып жатқан экономикалық дағдарыс жағдайында отандық бизнес үшін қаржыландыру мүмкіндігінің аясы тым тарылып отыр.

Біздің алдыңғы жолданған сауалымызда  атап өтілгендей, «Ақ жол» партиясына кәсіпкерлерден  теңгемен банктік кредиттеудің жетіспеушілігі туралы дабыл  түсуде.

Тұтыну нарығындағы жағдай да мәз емес, ағымдағы жылғы                қаңтар-ақпан айындағы сауда-саттық көлемі 4,3% -ға төмендеді.

Өткен жылдан бері, біздің фракцияның  үзілді-кесілді қарсылығына қарамастан   «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнан отандық өндірушілер үшін  преференциялар алып тасталды және «қазақстандық қамту» деген ұғымның өзі жойылды. Мәжілістің өткен жылғы 11 қарашадағы жалпы отырысында парламенттік көпшілік отандық бизнесті қолдаған біздің түзетулерімізге 9 рет қарсы дауыс берді.

 Қазақстандық өндірушілер үшін тірек болуға қабілетті бірден-бір ресурс ретінде, әсіресе, квазимемлекеттік секторда корпоративтік нарық қала береді. Оның үстіне, оның көлемі мемлекеттік сатып алу көлемінен  5-6 есеге асып, өткен жылдары жылына 7 трлн. теңгеден 9 трлн. теңгеге дейін жетті.

 Алайда біздің Ресей Федерациясына ұқсастық бойынша отандық өнімді ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар тендерлерінде қолдай алатын «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды  әзірлеуге қатысты 2013 жылғы 6 қарашадағы және 18 желтоқсандағы, 2014 жылғы 24 маусымдағы, 2015 жылғы 13 ақпан мен 11 маусымдағы  ұсыныстарымызға үкімет тағы да бас тарту түрінде жауап қайтарды.

 

Сонымен бірге, бүгінгі таңда елімізде ағымдағы дағдарыс басталмай тұрып Президент Н. Назарбаев күні бұрын бастамашылық жасаған «Нұрлы жол» бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда.

Ұлттық экономика үшін ауқымы мен мәні бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы АҚШ-та Рузвельттің  «Новый курс» немесе Еуропа үшін Маршал жоспары сияқты осындай тарихи бағдарламалармен толықтай салыстыруға келеді.

Сыртқы сын-қатерлерге және қазақстандық экспорттың дәстүрлі баптарына деген сұраныстың аса құлдырауына қарамастан, нақ осы бағдарламаның нәтижесінде жаппай қысқартулар мен жұмыссыздықтан арылуға мүмкіндік туды.

Сонымен бірге, елімізде әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым белсенді түрде құрылуда, сол арқылы алдағы кезеңде одан әрі өсу үшін негіз қаланады.

Бірнеше цифр ғана келтіре кетейін. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 11 ақпандағы тапсырмалары  ескеріле отырып  9 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Оның ішінде тек ағымдағы 2016 жылы:

- автомобильдік магистраль құрылысына және реконструкциялауға - 122,7 млрд.теңге;

- теміржол жобаларына - шамамен 43 млрд.теңге;

- энергетикалық инфрақұрылым жобаларына - 42,7 млрд.теңге;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты  жаңғыртуға- 90 млрд.теңге;

- тұрғын үй инфрақұрылымын қолдауға - 40 млрд.теңге, тұрғын үй объектілерінің құрылысына және сатып алуға - 30 млрд.теңге;

- білім беру инфрақұрылымын дамытуға - 33 млрд.теңге, және т.б. жоспарланды.

Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға ағымдағы жылы ғана бөлінген сома екенін  тағы да қайталап айтамын.

Отандық мемлекеттік органдар көрсетілген қаражаттың табысты игерілгені туралы есеп беретіні мәлім, бұл бізді сөзсіз қуантады.

Сонымен қатар «Ақ жол» фракциясының депутаттары атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен өзге де құрылымдардың қаражаттың игерілуіне ғана емес, сондай-ақ олардың тиімділігіне де назар аударулары қажет деп есептейді.

Атап айтқанда, Ұлттық қордың қаражаты қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сатып алуға бағытталатын болса, ол экономикаға мультипликативтік нәтиже беруге тиіс екеніне сенімдіміз.

Бұл жерде мәселе  жобалау және құрылыс салу қызметтерін көрсету, құрылыс материалдары, көпір және құрылыс конструкциялары,  электр қуаты және теміржол жабдығы, металл илемдеу, құбырлар, мектеп жиһазы және т.б. жөнінде болып отыр. Осы тізбедегілердің көбісі  Қазақстанда өндіріледі не  осындай өндіріс жоспарланып отырған қажеттіліктерге бағдарламаны ағымдағы қаржыландыру шеңберінде ұйымдастырылуы да мүмкін.

Мұндай жағдайда, бұл қаражаттар экономикаға қайта  қайтарылып, оның айналымын жандандырып отыратын болады.

Ағымдағы жылы 11 ақпанда кеңейтілген отырыста Нұрсұлтан Назарбаев  осы туралы айтып, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  отандық өндірушілердің жүктемесін арттыру бойынша  үлкен мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды, атап айтқанда, Президент:

«Қазақстандық қамту бойынша  форумдар өткізу практикасын жаңарту қажет...

Өңдеуші өнеркәсіптің өсімі үшін осы мүмкіндікті пайдаланған жөн» - деді.

Дегенмен де, аталған бағдарламаны іске асыру барысында  Қазақстанда өндірілген өнімге жеткілікті түрде назар аударылмай жатыр деп кәсіпкерлер дабыл қағуда.

Отандық өнімге қатысты  жосықсыз бәсекелестік пен  теріс көзқарас фактілері туралы да дабыл түсуде, бұл тіпті жүздеген жұмыс орындары бар дәстүрлі өндірушілердің мүдделерін қозғайды.

Осыған байланысты, «Ақ жол»  демократиялық фракциясы Сізден мыналарды хабарлауыңызды сұрайды:

1) «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруда  қазақстандық қамтуға мониторинг жүргізіле ме?

2) Егер жүргізілетін болса, қолданылатын әдістеме отандық өндірушілердің мүдделеріне қаншалықты  барабар?

3) Егер мұндай мониторинг жүргізілмейтін болса, біз шұғыл шара қабылдауды, қажет болса - "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде  тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді  қазақстандық өндірушілердің  мүдделерін қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлеуді ұсынамыз.

Бұған қоса, бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері ретінде –  оны іске асыру бағдарламаға кіретін жобаларға пайдаланылатын жабдықтар мен материалдарды  отандық өндіруді ұйымдастырумен ұштасуы тиіс деп  нақты белгілеуді талап етеміз.

 Құрметпен,

 «Ак жол» ҚДП фракциясының депутаттары

А. Перуашев

Е. Барлыбаев

Е. Никитинская

К. Абсатиров

Б. Дүйсенбинов

Д. Еспаева

М. Қазбекова