Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында бес қабатты 20 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысымен таныстық. Құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың 1 наурызында басталған. Қазан айында аяқтамақшы. Қазір екінші қабатының қабырғасын қалап жатыр. Жауапты мердігер компания “Асан М компани” ЖШС.
Құрылыс жұмысының дұрыс өз мерзімінде сапалы орындалуы маңызды.
Бұдан бөлек бұған дейін ауданда көпбалалы аналар мен әлеуеті төмен отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлерге 80 тұрғын үй салынып берілген.