Бүгін Әзербайжанның Қазақстандағы жақын арада тағайындалған Елшісі Агалар Рагим оглу Атамогланов мырзамен алғашқы кездесу өткіздік.
Біз Әзербайжан халқымен байланыстыратын сан ғасырлық достық қарым-қатынастарды, елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті жоғары бағалаймыз.
Оның алдында Қазақстанда қызмет атқарған Рашад Эйнаддин оглу Мамедов мырза Әзербайжанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Мамедов мырза Қазақстан-Әзербайжан екіжақты қатынастарын нығайту үшін көп жұмыс атқарды.
Атамогланов мырзаның жоғары кәсібилігі мен мол дипломатиялық тәжірибесін ескере отырып, бізді екіжақты қарым-қатынастарды нығайту бойынша бірлескен үлкен жұмыс күтіп тұрғанына сенімдімін.
Айта кетерлік жәйт, осы екі-үш ай ішінде Атамогланов мырза 8 маңызды екіжақты сапар өткізді.