Мусабаев
Самат
Базарбаевич

Член Комитета по финансам и бюджету Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ РАХАТ АУЫЛЫНДА ТҰРАТЫН ПАРТИЯ АРДАГЕРІ АНДРЕЙ НҰРТАЕВ АҒАМЫЗБЕН КЕЗДЕСУ

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1751373848586539&id=100011418235167

Жаңаөзен қаласындағы жоспарлы кездесуіміздің бірі - канвассинг еді. Мұнайшылар қаласының қадірлі азаматтарының бірі Андрей Нұртаев ағамызбен де «ZOOM» платформасы арқылы онлайн тілдесуге мәжбүр болдық.

Ағамыз өңірдегі жалпы жағдайды, әлеуметтік мәселелерді жетік білетін кісі екен.

"Құрметті інілерім, онлайн болса да тілдескеніме қуанып отырмын. Көрсем айтармын деп жүрген бір мәселем бар еді. Ол мынау - Түркменстанмен арадағы барыс-келістің жағдайы. Қаламыздағы көптеген азаматтар сол елден қоныс аударған, ал олардың ата-бабасының бейіті ар жақта қалған. Әруақты сыйлаған елміз ғой, өлісінің басына барып садақа таратқысы келетін азаматтар көп. Осыған бір амал табуға болар ма екен" деп сауал қойды ағамыз.

Андрей ағамыздың бұл өтініші расында көпшіліктің көкейінде жүрген нәрсе. Сол себепті ағамызға осы өтінішті қағазға түсіріп, құжат күйінде жеткізуін сұрадық. Ал, мен өз кезегімде тиісті орындарға сауал жолдап, мәселені оң шешуге әрекет етемін.

Андрей ағамыз қаладағы қоғамдық ахуалдың қалыпты екенін айтты. Жұмысымызға табыс тілеп, ағалық тілектестігін жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі  С. Мусабаев