Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Астанада каллиграф Мәдина Құсайынның «Қағазда қалған қалам ізі» атты көрмесі

Астанада каллиграф Мәдина Құсайынның «Қағазда қалған қалам ізі» атты көрмесі өтті.Тұсаукесер рәсімін Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы ұйымдастырды. Мұндағы мақсат - құснихат өнерін қайта жарыққа шығарып, жаңғырту болып табылады. Сонау VI –X ғасырларда пайда болған нақыштап көркем жазу, яғни құснихат қаламмен сызылып, жазылады. Қаламы қамыс, тақтай және бамбуктан жасалады. Жазу үшін қолданылатын сиясы оңайлықпен өшпейді. Бір қызығы, қағазға түскен жазу түзетуге келмейді. Бұл бекзат өнер елімізде енді дамып жатыр.