Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
«Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы

 Астанада БҰҰ мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтті.

Іс-шарада Қазақстанның Орталық Азиядағы әйелдер диалогына төрағалығы басталды. Оған Қазақстан мен Өзбекстан Парламенті палаталарының спикерлері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Ерлан Қошанов Орталық Азия елдерінде цифрлық гендерлік алшақтықты жою басым бағыт болуы керектігін атап өтті.

Сессияға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева жетекшілік етті. Ол Орталық Азиядағы әйелдер диалогындағы Қазақстан төрағалығының басымдықтарына тоқталды.