Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Жұмыс сапар Меркі ауданында

Кезекті жалғасты. Аудан тұрғындары “Ауыл аманаты” жобасымен 2,5% несие алғанымен, базардан мал басын алудан қиындық туындап жатқанын айтты. Себебі мал басын бірыңғай мал шаруашылық қожалықтарынан сатып алу міндеттелген.

Сонымен қатар, несие алар уақытта бұған дейін айтылғандай 7 құжат емес, бекітілген 25 құжат жинақтап, кепілдік ету одан басқа кепілдеме беретін адамды (гарант) тіркеу талап етілуде. Оған қоса мал басын өзге өңірден сатып алу қажеттігі бар.

Тұрғындармен кездесуден соң Сарымолдаев ауылдық округінде орналасқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен таныстым. Нысан құрылысын Алматы қалалық “ДәуренBilt” серіктестігі жеңіп алған. Алайда нысан басында басшылық құрам жоқ.

Жалғыз ғана жұмысшы төбе көрсетті. Оның өзі сұрақтарға мардымды жауап бермеді.

Тәтті ауылдық округінде орналасқан М.Мәметова атындағы #13 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатқа да ат басын бұрдым. Алайда жағдай қуантарлықтай емес, себебі ғимарат тым ескі, балаларға толыққанды жағдай жасалмаған. Интернатқа қарама-қарсы бетте бос ғимарат тұр. Осы бойынша аудан әкімдігіне ұсыныс бердім: бос тұрған екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, интернат иелігіне беру.

Тұрғындармен кездесу барысында медицина саласы бойынша көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсам, портал арқылы есепке тұрып ем алу, дәрі-дәрмектер тапшылығы, медицина саласының сын көтермейтін сапасы.

Қоғамдық қабылдау барысында жалғыз басты ана өз мәселесімен келді. Айтуынша, 3 млн теңге несие алып, бүгінде қарызы 8 млн теңгеге жеткен. Төлем жасау қиындығына қатысты кеңес берілді.

#AMANAT