Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
«Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Таразда өтіп жатқан «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде болдым.

Партиямыздың «Жастар Рухы» Жастар қанаты, қалалық Мансаптық орталығы ұйымдастырған жәрмеңкеге 400-ден астам жас қатысты. Онда 50-ге жуық кәсіпорын жастарға жалпы саны 500-ден астам жұмыс орнын ұсынды. Ал 180 азамат арнайы жұмысқа жолдама алды.

Жәрмеңкеде партияның мобильді қоғамдық қабылдауын да өткіздік. Тұрғындар тарапынан маңызды мәселелер айтылды. Облыстық мәслихаттағы әріптестеріммен бірге шешілу жолдарын көрсеттік.