Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қордай ауданы

Қордай ауданы

✅Ең алдымен Сарыбұлақ ауылдық округінің шаруа қожалықтарымен суармалы су мәселесі бойынша кездесуге бардым. Кездесуге жиналған егін шаруа қожалықтарының жұмысшылары, жетекшілері көптеген мәселелер қозғады.

Шаруа қожалықтарына су көлемін жеткізу өте қиынға соғып тұр. Ағын су каналы қазіргі таңда 20 % бетондалған 80% қара жер, су егіншілікке жетпей сіңіп кету мәселесі туындады. Және су қоймасын мәселесін келешекте ретке келтіру қажет.

Аудандық әкімдік тарапынан шаруа қожалықтары арасында нақты су жүргізу кестесін бекітіп жіті назарда ұстауы қажет. Сондай-ақ, жүгері алқабында осы уақытқа дейін бірінші суында ала алмай отырған шаруа қожалықтары бар. Қақпатас, Сарыбұлақ, Қайнар ауылдарына су жеткізу мүмкіндігі жоқ, диқаншылар су тапшылығын көруде. Шу өзенінен, биылғы жылға Қырғызстанмен су беру кестесі әлі күнге дейін бекітілмеген.

✅Аудандық филиал мәжіліс залында аудан тұрғындарын қабылдадым.

Қабылдау барысында қандастарымыздың қазақ азаматтығын алу туралы, республикалық маңыздылығы бар автокөлік жолдарын ретке келтіру, мал жайылымына жер бөлу, мүгедектік топ алу, жер дауы, су мәселелері көтерілді.

Қабылдауға келген барлық тұрғындарға заң аясында жауап қайтарылып, кеңес берілді.

✅Сонымен қатар “AMANAT” партиясынан сайланған ауылдық округ әкімдерімен, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесіп, біршама мәселелер қаралды. Айта өтсем: мемлекет тарапынан бөлінетін қайтарымсыз гранттар санын көбейту, азық-түлік бағасын тұрақты сақтау,кәсіпкерлерге қолдау білдіру мәселелері қозғалды.

✅Бәйтерек ауылында 150 орынды жаңа мектептің құрылыс барысын көрдім.

Жеңімпаз мердігер өңірлік “Темір-Строй Сервис” ЖШС.

Жұмыс жоспарына сәйкес осы уақыт аралығында мектеп қабырғасы басталуы қажет еді. Алайда жұмыс басталмаған құрылыс артқа қалып барады, тек іргетасы (фундамент) жасалған.

✅Сортөбе ауылдық ауруханасының қызметкерлерімен жүздестім. Сала қызметкерлері ғимаратта күнделікті жарық түстен кейін сөніп қалу, ғаламтордың баяу жұмысы туралы мәселелерін қозғады. Ауруханада дәрігерлер мен мейірбикелер жеткілікті.

✅Жоспардан тыс Қазақ-Қырғыз шекарасы, Қордай бекетінде мәселе туындауына орай арнайы бардым.

Басты мәселе мамандардың тапшылығы 238 бос жұмыс орны бар, қазіргі таңда 95 қызметкер жұмыс атқаруда, қатардағы жауынгерлерді қосқанда.

Шекарада адамдар кептелісі жиі болып, адам саны көбейіп, толыққанды 100 % тіркеу кабинасы жұмыс жасамайды. Осының салдарынан халық арасында шағым көп. Мекеме ғимаратының құрылысы сапасыз, кондиционер қондырғысы жоқ халыққа жағдай жасалмаған.

Аталған мәселені шешімін табу үшін Ingate (ингейт) аппаратын орнату сонымен бірге маман тапшылығы шешу қажет.

Аудандық мәслихат депутаттарымен бірігіп ұсыныс бердік, яғни ҚР азаматтарына жеке бірнеше тіркеу кабинасын бөлу қажеттілігі бар екенін.

Алдағы уақытта депутаттық сауалымда барлық көтерілген мәселелерді көтеретін боламын.

Келесі жұмыс сапарым Сарысу ауданында жалғасын табады.