Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Облыстық көпбейінді ауруханасының ғимаратында өңіріміздің денсаулық саласында жүрген бас дәрігерлермен кездесу

2023 жылдың 28 шілде күні Облыстық көпбейінді ауруханасының ғимаратында өңіріміздің денсаулық саласында жүрген бас дәрігерлермен кездесу өтті.

Кездесуге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның басқарма төрағасы С.Ахметов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров қатысты.

Кездесу барысында ақ халаттылар арасында бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Олар ауруханалардағы қабылдау бөліміндегі жедел жәрдемнен және жеке келіп түскен науқастарды қабылдау шектеулігі, бөлінетін қаржылар туралы, тарифтерді және клиникалық-шығынды топтар (КЗГ) бойынша қаржыландыру әдісін қайта қарау, сонымен қатар медициналық көмек көрсету саласы бойынша 4-ші санатты (созылмалы аурушаңдар) емханалар меншігінде қалуы қажеттігі, ал 1,2,3 санат (шұғыл көмек) жедел медициналық жәрдем бағыты бойынша көмек көрсетілуі қажет екендігі туралы ұсыныстар айтылды.

Аталған барлық мәселелерді түртіп алдым. Алдағы уақытта депутаттық сауалыма қосып, шешімін табу жолында жұмыс жүргізетін боламын.