Нурумова
Гульдара
Алданышевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Заседание по проблемам водных ресурсов

Былтыр Жамбыл облысы ағын су тапшылығын көрді. Тіпті 6 аудан бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауға тура келді.

Құрғақшылық қысып, егіні қураған ел шығынға ұшырады. Тіршілік көзінің тапшылығы тағы қайталанғанын қаламаймыз.

Бүгін Мәжілісте аграрлық мәселелер комитетінің тақырыптық отырысы өтті. Жиында еліміздің оңтүстік аумақтарында ағымдағы суару маусымына дайындық барысы баяндалды.

Елімізде былтыр суға жауапты Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғанын білесіз. Өз алдына отау тіккен ведомства мойында жауапкершіліктің ауыр жүгі тұр.

Осы отырыс барысында министрлікке қарайтын Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевқа Жамбылдағы жағдайды қозғап сұрақ қойдым. Бұл қолайсыз жағдай қайталанбас үшін министрлік пен комитет не қабылдайды? Сондай-ақ биыл 200 шақырым каналдың 128 шқ қайта жаңартылатыны көрсетілген. Нақты қандай каналдар, қай жерде?

Қордай ауданы Қызылсай ауылында су қоймасының құрылысы жоспарланған болатын. Ал сол жоба жоспарға енді ме? Бұған дейін ЖСҚ дайындалып, сол күйі қағаберіс қалған болатын.

Ал Шу ауданы Дулат ауылдық округында 2019 жылы 12 су арнасы салыну керек еді. Каналдар жұмысына 9 млрд теңге бөлінген болатын. Алайда арна жұмысы аяқсыз қалған. Салдарынан Қонаев, Балуан Шолақ ауылдарының дихандары бес жылдан бері жерге соқа салмаған. Биыл бұл жұмыстарды қалайда аяқтау керектігін айттым.

Тағы бір мәселе. Халықпен кездескенде шаруалар: "Министрлікте ауылдың жағдайын, ауыл шаруашылығын, агро саладан бейхабар кадрлар жұмыс істейді, соларды қызметке алады" деп уәж айтқан еді. Олар шұғыл шешім, жауапты сәт туғанда жарға жығылатынын жеткізді. Сондықтан салаға білікті мамандарды тарту керектігін айттым.

Комитет басшысы мен қозғаған сұрақтар бойынша жұмыстар жалғасады деді. Мәселелер менің жіті бақылауымда болады