Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату

Рестораннан балабақшаға айналған нысанды араладық

Nur Otan фракциясының мүшелері ретінде әріптесім Ғалым Әміреевпен бірге Сырдария ауданындағы іс-сапары барысында аудан орталығындағы «Бақ-Нұр бөбек 2» балабақшасына атбасын бұрдық. Бізге ұрпақ тәрбиесі қызықты. Балабақша меңгерушісі Ақтоты Абдуова бұл ғимарат нысаналы мақсатын мейрамханадан балабақшаға өзгерткенін, ғимараттың ішкі бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сонымен қатар, балабақшада 2 топ болатынын және 50 балаға лайықталғанын атап өтті. Жын-ойнақтан гөрі жас ұрпақ тәрбиесі маңызды ғой, демек бұл ізгі трансформация екенін атап өттім. Біз балабақша жұмысына сәттілік тіледік. Балабақшаның ашылуы осы шілде айына жоспарланған.

Бақытбек Смағұл

Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan