Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2021 жылдың 16 наурызында Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті.

ЕЛДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ, ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөніндегі бірқатар бастамаларға жүйелі түрде заң жүзінде және қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол Картасында барлық жастар үшін қажетті мамандықтарға колледждерде ақысыз оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету және «Жас маман» жобасы шеңберінде 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесі көзделген. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» 2025 жылға қарай барлық тілек білдірушілерді ақысыз техникалық және кәсіптік білім берумен қамту 100%-ға жеткізу қарастырылған. Бұл үшін республикалық бюджеттен қосымша 50 мың орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға қаражат көзделген. Осы тұрғыдан, бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері: білім беру процесін жаңарту және колледждерді материалдық-техникалық жарақтандыру» атты кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінде техникалық және кәсіптік білім беруде академиялық дербестікті енгізу, жан басына шаққандағы қаржыландыруды жетілдіру және кәсіптік бағдарлау жүйесін 10-15 жыл ішінде еңбек нарығының болашағын ескеру қажеттігіне назар аударды.

Кеңейтілген тақырыптық отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайым Туғанбайқызы Кесебаева қатысып, Әлеуметтік–мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмиля Нүсіпжанқызы Нұрманбетова тақырыптық отырысқа төрағалық етті, өте өзекті мәселелерге Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрліктерінің, жергілікті атқарушы билік органдарының назарын аударып, шешілу жолдарын талқыға салды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, депутаттар толық қатысты.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрлар даярлау сапасы туралы негізгі баяндамашы: Білім және ғылым вице-министрі Асылова Бибігүл Амангелдіқызы. Дуальді оқытуды дамыту перспективалары туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы Құрманова, еңбек нарығы талап ететін кадрларды даярлау туралы «Атамекен» басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Темірбекұлы Ордабаев баяндама жасады. Сондай-ақ, Комитеттің тақырыптық отырысы барысында Нұр-Сұлтан қаласы Политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі, Жезқазған, Түркістан, Шымкент колледждері директорларының, сенімгерлік басқару жетекшілерінің баяндамалары тыңдалып, ұсыныстары айтылды. Жиналыс қорытындысы негізінде техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған, атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру саласында жан басына шаққандағы қаржыландыру методикасын жетілдіру және басқа да ұсынымдар берілді.