Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Отан қорғаушы күні қарсаңында Ұлттық Әскері-патриоттық тәрбие орталығында көшпелі отырысына қатыстым.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02xX1cUVhDeCokpVer343WZdhmBApswim4pgFh994dBRoadYs7a8UHakG9VyTZJUj4l&id=100001071131503

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Казанцев Павел Олеговичтің төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қожахметов Арман Төлешұлы, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Құлшар Мәлік Иманқұлұлы және Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Екатерина Смышляева бірге Отан қорғаушы күні қарсаңында Ұлттық Әскері-патриоттық тәрбие орталығында көшпелі отырысына қатыстым.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары, Білім және Ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова , Мәдениет және спорт вице-министрі Дауешев Нұрқиса Мұратұлы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілі қатысты.

Әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары, білім беру ұйымдарында Бастапқы әскери технологиялық дайындық пәнін оқыту мазмұны, осы пән мұғалімдерін даярлаудың басты міндеттері талқыланды.

Айта кететін мәселе, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірқатар депутаттарының бастамашылдығымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери -патриоттық тәрбие мәселелеріне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы әзірленуде.