Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook, instagram

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0eTmsd5kXtKhHbjFZK1bcrbPxz7mPG7SeJBirX8TPAJAuo47i89V1DmjjF2e62fQPl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz https://www.instagram.com/p/CzxETe8o26y/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Құрметті Darkhan Ote және "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейлерінің ұжымы!

"БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейлерінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің білім тарихында 30 жылдағы жетістіктеріңіз ерекше құрметке ие. Ұстаздардың және жалпы ұжымының адал әрі қажырлы еңбегінің жемісі ретінде халыкаралық пәндік олимпиададағы жетістіктеріңізді ерекше айтуға болады. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білімнің дамуына ерекше мән береді. Осы жолдағы еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілеймін.

Бүгінгі ресми шара атмосферасы өте жылы, адами сыйластық сезімдерге толы болды. Әр жылдары лицейлерге сенім артқан, қолдаған азаматтарға, қайраткерлерге, ең бастысы ҰСТАЗДАР қоғамдастығына ерекше рахмет айтылды.

Суретте БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейлерінің лидер оқушылары. Былтырдан бері еліміздің түкпір түкпірінен келген осындай білімді де тәрбиелі оқушылар Астанада бас қосады, келген сайын Парламентте кездесіп, ел болашағын талқылаймыз.

Лицейлердің қаржыландыруы жалпы білім беретін орта мектептер қаржыландыруымен бірдей. Соған қарамастан Ұжымның қала және ауыл мектептеріндегі білім сапасындағы алшақтықты азайтуға арналған жауапкершілігі жоғары. Лицейлерде ауыл және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған квота қарастырылған.