Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Сегодня на приеме у государственного советника Карина Ерлана Тынымбаевича мы обсудили депутатский запрос, направленный Премьер-Министру против семейного насилия.

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0i8qwnCA8evWuo7U9AmkdDnVSTdyU6eKxZAMaQDiqw9hd2UQGm3616syHvKxY6ARbl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz https://instagram.com/stories/zhuldyzsuleymenova/3240981588073460439?utm_source=ig_story_item_share&igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Құрметті достар!

Бүгін Мемлекеттік Кеңесші Karin Erlan  Қарин Ерлан Тынымбайұлының қабылдауында болып, отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы Премьер-Министрге жолдаған  депутаттық сауалды және Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігі сақтауға арналған  Депутаттық бастамаларды талқыладық.

Баршаңызға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  балалардың құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жүйелі шараларды қабылдау туралы қыркүйектегі Жолдауында тапсырмалар берген болатын.

Қазақстанда 2020 жылдан бері  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары жүйелі қабылданып жатыр.

Дегенмен, қабылданған Заң нормаларын орындатуды қоғам болып күшейтуіміз де қажет.

AMANAT партиясы фракциясы депуттары Асхат Аймағамбетов, Елнұр Бейсенбаев,  Нартай Аралбайұлы, Ақмарал Әлназарова, және менің бастамаммен әзірленген

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған Заң тұжырымдамасында келесі нормалар қарастырылған.

❕Отбасы жағдайында ұрып-соғу немесе басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу.

❕Әйелдердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе де қылмыстық жауапкершілікке тарту.

❕Отбасылық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда

агрессорды үйден  шығару.

Қазір керісінше жәбірленуші әйел мен бала үйден кетеді.

❕Харассмент үшін жауапкершілікке тарту.

❕Педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру. Басқа баламалы жазаны қабылдамау.

❕Бұған дейін педофилия үшін сотталған және өкінішке қарай, бостандыққа шығатындар үшін соттылығы жойылғанына қарамастан өмір бойына әкімшілік қадағалауды енгізу ұсынылады. Олар құқық қорғау органдарының бақылауында болуы шарт.

Аталған заңнамалық бастамалар AMANAT партиясы фракция отырысында Бала құқығы жөніндегі Уәкіл Закиева Динара және эксперттермен талқыланды.

✅ Үкімет бұл ұсыныстарды қолдауы өте қажет.

Заң үстемдігі және Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының  идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс деп ойлаймын.