Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
07.07.2021ж. Алматы қаласы. Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, ҚҰАЗУ-нің қызметкерлерімен кездесті. Алмалы ауданы "Рахат" ш/а мектеп құрылысының және Наурызбай ауданы "Қалқаман" № 7 қалалық ауруханасы құрылысының жұмыс барыстарымен танысты.

2021 жылғы 7 шілде.

Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы Жол картасындағы                       білім саласы бойынша бірнеше пункттерді талқылады.

Сонымен қатар, осы күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары – Әлеуметтік-мәдени даму көмитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова мен Аграрлық мәселер комитетінің мүшесі сырым Адамбаев ҚазҰАЗУ-нің профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Вагенинген Институты, Микроарналық өсімдіктерді көбейту лабораториясы мен Ситуациялық орталық жұмысымен танысты.

Депутаттарды қарсы алған ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы-Ректор Тілектес Есполов оқу орындағы соңғы жыдары болып жатқан тың өзгерістермен таныстырды. «Біздің университет 7 ҒЗИ, 8 инновациялық және 18 халықаралық орталықтарды, 49 зерттеу зертханаларын біріктіретін Агротехнологиялық Хабтың барлық мүмкіндіктерін ұсынады, олар ЖОО, ҒЗИ және агроқұрылымдардың ғалымдарының ұжымдық пайдалануына ашық. Университеттің барлық ғылыми әлеуеті жаңа заманауи талаптарға сәйкес, халықаралық әріптестерімен бірге ғылыми жаңғыруларды кеңінен енгізуге барынша үлес қосып келеді» деп атап өтті Т.Есполов.

IQAA-ranking агенттігінің қорытындысы бойынша техникалық ЖОО-лар рейтингінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 11 жоғары оқу орнының арасында 3-орынды иеленді. Әлемнің ЖООлары арасында QS рейтингісінде 2019 жылы 651 орын, ал 2021 жылы 551 орын иеленді.
Университетінің "Зерттеу" жаңа мәртебесі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті үшін ерекше шарттар мен жаңа сын-тегеуріндерді ұсынады. Университеттің барлық ғылыми қызметкерлері жаңа талаптар аясында ғылыми жобаларға кеңінен тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Мысалы, Агро-Даму басқармасы АӨК қызметкерлері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен ҚазҰАЗУ ғалымдары арасындағы тығыз қарым-қатынасты орнатумен қатар, ақпараттық және консалтингтік көмек көрсетеді. Онлайн және оффлайн режимінде бірігіп ғылым мен өндірісті дамытудың өзекті мәселелерін жүйелі түрде талқылайды. Агробаза құрылды. Бұл базада 14 облыс бойынша, әр түрлі бағытта өндірістің мәліметтері жүктелді. Қазақстан бойынша 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қамтылды. Оларға басқарма арқылы өтетін іс-шаралар жөнінде хабарлама жіберіліп, тығыз байланыста жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, университеттің даму процесінде әлемдегі жетекші жоғары оқу орындары талданды. Университет ауылшаруашылық мамандықтары бойынша QS әлемдік рейтингінде №1 болып есептлетін Вагенинген Университетіне (Нидерланды) үлгі ретінде таңдау жасады. 10.02.2020 - 22.06.2020 жж. аралығында ҚазҰАЗУ студенттеріне арналған Вагенинген Университеті базасында «Тағам химиясы» курсы өтті. Емтихан нәтижелері бойынша онлайн курсты сәтті аяқтаған студенттер Вагенинген университетінің сертификаттарына ие болды.

Вагенинген университетімен байланысты нығайту және ҚазҰАЗУ-да жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін Вагенинген университетімен жұмыс жөніндегі институты құрылды.
Сондай-ақ, ағылшын тілінде оқытылатын осы екі білім беру бағдарламасына 2021-2022 оқу жылында 100 талапкер келеді деп күтілуде.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутатттары Жұлдыз Сүлейменова мен Сырым Адамбаев кездесу соңында университеттің ғылыми-өндірістік бағыттағы жұмыстарына қолдау білдірді және ҚазҰАЗУ-дың алдағы уақытта дамуы үшін депутаттық топтың бірлескен қызмет жүргізуге әрқашан дайын екендігін жеткізді.Сонымен қатар білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, сол күні Алматы қаласы Алатау ауданы «Рахат» шағынауданында үш аусымды мектеп мәселесін шешу аясында салынып жатқан  1500 оқушы орнына арналған  мектеп құрылысын аралады.

Алматы қаласының мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығын төмендетуге қатысты келесі ақпаратпен бөліскім келеді. Қалада барлығы 278 мектепте 289 056 оқушы білім алады. Оның ішінде, мемлекеттік - 207 (271 695 бала) және жекеменшік 71 (17 391 бала) орта білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Соңғы 5 жылда оқушылар контингенті 60 мыңнан астам балаға өсті, бүгінгі күні қалада 30 947 оқушы орнының тапшылығы бар. 2020 жылы 1800 орындық 2 мемлекеттік мектеп, 2 017 орындық жұмыс істеп тұрған мектептерге 5 қосымша құрылыс пайдалануға берілді және екі жеке мектеп 1390 орындық (барлығы - 5207 орын) ашылды.
Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін арнайы әзірленген білім беру объектілерін жедел салу бағдарламасы бар.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол Картасы аясында 8 мемлекеттік мектеп 12 600 орындық және жұмыс істеп тұрған                     8 263 орындық 17 мектепке жапсарлас қосымша құрылыс жүргізілуде. Жеке инвесторлардың қаражатына қалада 1700 орындық 6 жекеменшік мектеп салынуда.
      Нәтижесінде ағымдағы жылдың соңына дейін мектептерде 22 мыңнан астам жаңа оқушы орындарын енгізу есебінен тапшылықты 73% қысқартуға қол жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар осы күні Наурызбай ауданы Қалқаман шағынауданындағы  халықпен кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  № 7 қалалық ауруханасы құрылысының жұмыс барысымен танысты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру аясында салынып жатқан бұл нысан 2021 жылдың                        3-тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда деп атап өтті.