Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
08.07.21ж.Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы Алмалы және Наурызбай аудандары.

2021 жылғы 8 шілде.


«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі   Б. Сағынтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен Ж. Сүлейменова, Б. Торғаев,С. Адамбаев, А. Сарым, А. Платонов, Қ. Нуров және М. Ахметов  кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде «Nur Otan» партиясының
Алматы қалалық филиалында «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім және Ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық ҚоғамдықКеңестің төрайымыЖұлдыз Досбергенқызы Сүлейменованың төрағалық етуімен кеңейтілген отырыс  өтті.


Отырыс қорытындысы бойынша Білім және ғылым министрлігіне оқушылардың ұзақ уақыт онлайн форматта оқуына байланысты орын алған олқылықтарды талдау және олардың орнын толтыру үшін кешенді бағдарлама қабылдауға қатысты бірқатар ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері педагогтардың тапшылығын техникалық мамандарды тарту арқылы шешуді ұсынды.

Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова бүгінде білім беру саласындағы басым міндеттердің бірі – офлайн оқуға оралу екенін атап өтті. Ол үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталуы керек. 


        Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшуі үшін педагогтер мен қызметкерлер 100% вакциналаумен қамтамасыз етітлуі керек екенін айтты.
«Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды. Жоғары оқу орындарына келсек, 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс»-деді Е.Қиясов.  


        Кеңес мүшесі, «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ басқарма төрағасы Ғабит Бекахметов оқушыларды бастауыш, орта және жоғары мектеп блоктарына бөлуді ұсынды. Коронавирус анықталған жағдайда, карантинге бүкіл мектеп емес, нақты блок жабылады.
«Білім беру мекемелерінің басшыларына оқушыларды физикалық түрде бөлуге қатысты нақты ұсыныстар беру қажет. Мәселен, олардың үзіліске шығатын уақыты ғана емес, әр блокта сабақ басталатын және аяқталатын уақыт та әртүрлі болғаны жөн»-деді ол.


      Кеңес мүшесі, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев қоғамдық көліктерде бақылауды күшейту қажет деп санайды. Оның айтуынша, оқушылар мен педагогтердің вирус жұқтыру қаупі нақ осы қоғамдық көліктерде жоғары.


      Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова өз кезегінде                                  1 қыркүйектен бастап елімізде 7 475 мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған Жол картасы аясында биыл 200 мектеп салу және 1000 мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.


        Отырыс соңында оқушылардың ұзақ уақыт онлайн форматта оқуына байланысты орын алған олқылықтарды талдау және олардың орнын толтыру үшін кешенді бағдарлама қабылдауға қатысты Білім және ғылым министрлігіне бірқатар ұсыным әзірленді. Кеңес мүшелері педагог тапшылығын техникалық мамандарды тарту арқылы шешуді ұсынды.

Сол күні  Алматы қаласы Алмалы аудандық «Nur Otan» партиясының филиалында азаматтарды қабылдады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты – «Nur Otan» фракциясының мүшесі  Ж. Сүлейменова, Наурызбай ауданында құрылысы аяқталған                        187 мектептің аумағында орналасқан балабақшаның жұмысымен танысты.

Сондай-ақ осы күні Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының активімен кездесті.