Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
10.07.21ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы Әуезов ауданы.

Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ж. Сүлейменова және М.Ахметов Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі

басшылығымен және оқытушылар құрамымен кездесті, сондай-ақ кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д. Нұржігіт  пен Қазақстан халықтары ассамблеясынан сайланған мәжіліс депутаты В. Набиев, «Nur Otan» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы қатысты.


      Кездесу барысында депутаттар құрамы колледж қабырғасындағы электр энергиясын өндіруге арналған зертханалармен және ондағы автомат құрылғыларының жұмысымен танысты.


      Оқу орны – Жастар жылы аясында қолға алынған «Жас маман» бағдарламасы бойынша оқу-өндірістік базасы толық жаңартылып, материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған кәсіптік оқу орнының бірі. 57 жылдық тарихы бар оқу орнында қазір 9 мамандық бойынша 1700-ге жуық студент білім алып жүр. Сондай-ақ, соңғы жылдары оқу орнында «Энергоменеджмент» және «Өндірісті автоматтандыру» сияқты жаңа мамандықтар ашылған. Заманауи дамуға негізделген бұл мамандықтар еліміздің энергетика саласының дамуына жол ашады.
      Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенатының және  Мәжілісінің депутаттары оқу орнының ғылыми-өндірістік қызметін жоғары бағалап, колледж ұжымының алдағы жұмыстарына табыс тіледі.