Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
18.08.21ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алатау ауданы Саялы, Нұркент ықшамаудандары.

18.08.21ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алатау ауданы Саялы, Нұркент  ықшамаудандары.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Алатау ауданындағы жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысты.


«Жол картасы» аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалау мақсатында бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Саялы ықшамауданындағы 1800 орындық және Нұркент ықшамауданындағы 1500 орындық мектептердің құрылысының барысымен танысты.
Кездесуге партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев, Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жарқынгүл Алдамбергенова, Алматы қалалық мәслихат депутаттары Гүлжан Бекенова мен Райхан Булекбаева, Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасыры Айсұлу Ботаева және аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен құрылыс жұмысына жауапты мердігерлерлер қатысты.
Іс-шара барысында құрылыс жұмыстарын жүргізуші «BI Group» мердігерлік компаниясына қарасты «KAZPACO» ЖШС өкілдері тарапынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қатысты ұсыныстар айтылды. Мұнан басқа, аталмыш компанияның жүргізуімен Алатау ауданында «Томирис», «Дархан», «Рахат» ықшамаудандарында жалпы саны 4500 орындық мектеп құрылыстары салынуда.


«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Жол картасы» аясында қала бойынша 8 мемлекеттік мектеп және жұмыс істеп тұрған 17 мектепке жапсарлас қосымша құрылыс жүргізілуде.