Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
19.08.21ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алмалы ауданы.

2021 жылғы 19 тамыз.

19.08.21ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алмалы ауданы.

Мәжіліс депутаты Ж.Сүлейменова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне жұмыс сапарымен барды.


Депутаттың сапарының мақсаты талапкерлерді қабылдау сапасының мониторингі, санитарлық нормалардың сақталуы, қажетті анықтамалық ақпарат алуға қолжетімділік, жаңа оқу жылының басталуына материалдық-техникалық базаның дайындығы болды.
Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Бисембаев, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Р. Бөлекбаева мен А. Ақанова қатысты.
Жұмыс сапары барысында материалдық-техникалық базаның жай-күйіне инспекциялау, жатақханалардың және ғимараттардың жаңа жылу беру маусымына дайындығына, қабылдау комиссияларының жұмысына, оқу аудиторияларының жай-күйіне және санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізілді.
Сондай-ақ, депутат ЖОО ұжымымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының Білім және ғылым саласындағы Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға байланысты бірқатар мәселелерді, инклюзивті білім беру, жаңа форматтағы білім беру, университет базасында болашақ директорлар мен мектеп директорларының орынбасарларын даярлау, педагогика саласындағы жас ғалымдардың жұмыстарын жандандыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Жұлдыз Досбергенқызы қазақстандық жоғары білімнің флагманы болып табылатын оқу орындарына бару өте маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара соңында Жұлдыз Досбергенқызы университет ұжымына атқарған жұмысы және іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.