Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары Б.Т. Кесебаева мен Мәжіліс депутаты Ж.Д. Сүлейменова Алматы қаласындағы мектептердің құрылысымен танысты.

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4446924072019920&id=100001071131503

ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Туғанбайқызы Кесебаева мен Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Алматы қаласындағы мектептердің құрылысымен танысты.

Партияның Алматы қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 15 мектеп пен 25 мектепке жапсарлас құрылыс нысандарын салу жоспарланған.
Бүгінгі таңда 12600 орындық 8 мектеп пен 8388 орындық 17 мектепке жапсарлас құрылыс нысандары бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осыған орай, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Туғанбайқызы Кесебаева мен Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова «Жол картасы» аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалау мақсатында Наурызбай ауданындағы салынып жатқан 1800 және 1500 орындық мектептердің құрылысы мәселелерімен танысты.
Кездесуге партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қ. Бисембаев, қалалық мәслихат депутаттары Г. Бекенова және Р. Бөлекбаева, Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы С. Нұрашев, Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаева мен құрылыс жұмысына жауапты мердігерлерлер қатысты.
Іс-шара барысында құрылыс жұмыстарын жүргізуші «BI Group» мердігерлік компаниясына қарасты «KAZPACO» ЖШС өкілдері тарапынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қатысты ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, кездесу барысында құрылысы 2022 жылы басталатын мектептердің сметалық құжаттамаларының жасалу деңгейі мен биылғы жылы ашылатын қосымша оқу орындарының жәй-күйі де талқыланды.