Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
17.02.22ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Наурызбай және Алатау аудандары.

2022 жылғы 17 ақпан. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Наурызбай, Алатау аудандары.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің төрайымы Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова аймақтарда халықпен кездесу аясында жұмыс сапары басталды.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы Жол картасындағы                       32 пунктегі (2025 жылға қарай 800 жаңа мектеп салу есебінен апатты және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу) 800 мектеп салу аясында салынған Алматы қаласы Наурызбай батыр ауданына қарасты №206 мектептің эксплуатацияға берілу дайындығымен танысты.

Бүгінгі таңда Наурызбай батыр ауданында 3 мыңнан астам оқушы орнының тапшылғы бар. Аталған № 206 мектеп 1800 оқушы орнына арналған. Мектеп, 4-ші тоқсанда қолдануға берілуі жоспарланып отыр.

Бастауыш, орта және жоғары сыныптар үшін бөлек блоктардан тұрады. Оқушылардың әр блокка кіруі, киім ауыстыратын орны және сыныптарына байланысты оқу процесінің ерекшеліктері қарастырылған оқу кабинеттері, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер зертханалары, тігін, қыш, ағашпен жұмыс кабинеттері жабдықталған.

Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Е. Досаевпен бір топ Мәжіліс депутаттары кездесті.

  • Ұстаздардың біліктілігін арттыру;
  • Кітапхана қорын жаңарту, 2011 жылдан бері жаңа кітап келмеген;
  • Оқу бағдарламасында жүктемені қайта қарастыру және т.б.
  • Кездесу мазмұнды, көтерілген сұрақтар өзекті болды.