Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
18.02.22 ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы Бостандық ,Медеу және Алмалы аудандары.

2022 жылғы 18 ақпан. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Бостандық, Медеу және Алмалы аудандары.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Ж. Сүлейменова, А. Құспан Алматы қаласы Бостандық ауданында «Ten Qogam» орталығына келіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті.

  Кездесу барысында мүгедектігі бар тұлғалармен тиісті проблемалық мәселелер атап өтіліп, оларды шешу жолдарын қарастырды.

 Сол күні, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жулдыз Сулейменова №114 балабақшада болды. Аудан әкімі, "Nur Otan" партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы Асет Масабаев балабақшаның қайта жаңғырудан өткендігі туралы айтып берді. Мәселен, үшінші қабат қосылып, нәтижесінде жобалық қуаттылығы 50 орынға артты.

Балабақша меңгерушісі Жеңіскүл Сыбанбаева топтар мен кабинеттерді көрсетіп, қызметі туралы қысқаша баяндап берді. Бүгінгі таңда барлық қажетті жиһаз әкелініп, орнатылуда.

Сонымен қатар, аудан әкімі, "Nur Otan" партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы Әсет Масабаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Агайша Сапаровааудандағы оқушы орындарының тапшылығы және кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін көтерді.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова айтылған мәселелер мен ұсыныстарды қолдап, өз тарапынан Үкіметке депутаттық сауал жолданатынын айтты.

Сондай-ақ , депутаттар Ж. Сүлейменова, А.Құспан, А. Сарым  желтоқсаншылармен кездесті.