Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
19.02.2022 ж. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алмалы ауданы.

2022 жылғы 19 ақпан. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алмалы ауданы.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова, Aйгүл Құспан, Беккали Торгаев, Жанарбек Әшімжан , Айдос Сарым «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы "Мирас" аймақтық қоғамдық Кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдерінің кездесуіне қатысты.

Сонымен қатар кездесуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, белгілі тарихшы Абжанов Ханкелді Махмұтұлы, жазушы, "Құрмет" орденінің кавалері Ақыш Нұрдаулет Бәбиханұлы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досжан Сәуле Мағазбекқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бөкенов Болатбек Салтайұлы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі Ананьева Светлана Викторовна қатысты.

Кеңес төрайымы, жиын модераторы Қарагөз Сүлейменова Қарагөз Асқарқызы қоғамдағы құндылықтардың, тәрбиенің рөлін, Жаңа Қазақстанда ұлттық, отбасылық тәрбиені, болмысымызды сақтаудың басты ерекшеліктеріне тоқталып, аналардың, зиялы қауым өкілдерінің көкейіндегі өзекті ойларын айтты.

Ал, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы жанындағы Miras Республикалық Қоғамдық Кеңес төрағасы Әшімжан Жанарбек Садыханұлы қараусыз қалған жастарды қатарға қосу үшін қайтпек керек? Жастарды кітап оқуға баулу, жастар саясатын қайта қарауға және білім саласына байланысты бөлек ойларын ортаға салды.

Бұл кездесуді ұйымдастырған «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы, төрағасының бірінші орынбасары Meirzhan Otynshiyev және Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Кайрат Бисембаев ризашылық білдіремін.

Осы жиында Сәуле Досжан апайдың қолтаңбасымен "Үзілмеген үміт" кітабы бұйырды.

Сенім сарқылмасын, үміт үзілмесін.